• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Коронавирус 22 Мамыр, 2020

Елжан Біртанов Алматыдағы COVID-19-дан емделіп жатқан  науқастармен кездесті

228 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласындағы жаңадан салынған модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына барды, деп хабарлады министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы.  

18 күнде салынған ауруханада 280 төсек-орын, 6 клиникалық бөлімше, 28 төсектік реанимация бөлімшесі бар. Сонымен қатар госпиталь рентген жүйесі, компьютерлік томография, ультрадыбыстық диагностика аппараттары, эндоскопиялық жабдықтар, өкпені жасанды желдету аппараттары, мониторлар, перфузорлар сияқты аппараттармен жабдықталған. Жаңа ауруханаға 26 сәуірден бастап короновирус инфекциясын жұқтырған науқастар жатқызылды. Қазір COVID-19 диагнозы қойылған 251 пациент емделуде.

Елжан Біртанов модульдік кешенде орналасқан «И.С.Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» филиалында еңбек етіп жатқан дәрігерлермен жүздесті және науқастардың да жағдайын сұрады. «Госпитальда жақсы жағдай жасалған, емделудеміз. Медицина қызметкерлері өте мұқият, әрдайым сөзімізді жерге тастамайды және қиын кезде үлкен қолдау көрсетті», деді Анастасия Захарова (аты-жөні өзгертілді).

Сондай-ақ министр Алматыға бір күндік іссапары аясында бірқатар медицина мекемесін де аралап, кездесулер өткізбек. Атап айтқанда санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығына, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен фармацевтика зауытына, өндіріс цехына барады және ондағы бактериолог, иммунолог және генетик ғалымдармен кездесіп, COVID-19-ды талқылайды.